5 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, көктайғақ) 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform «ҚазАвтоЖол» компаниясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.