БҚО-да жедел жәрдем қызметкерлеріне 4 медициналық көліктің кілті табысталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлт денсаулығы жақсы болса, қоғамның орнықты дамитынын баяндап, медицина саласында қордаланған мәселелерді шешуге аса мән берген еді. Осыған орай денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат жылдан-жылға көбейіп келеді. Ауылдардағы медициналық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан барынша жабдықтау, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Сырым ауданына 4 санитарлық автокөлік алынды, деп хабарлайды Kazinform.