Нептун мен Уранның түсі біз ойлағаннан басқа болып шықты
Біздің Уран мен Нептун планеталары жайлы түсінігіміз мүлде басқа болып шықты. 1980 жылдардағы ғарыштық миссия фотосуреттерінде Нептунның түсі — қою көк, Уран — жасылдау болып көрінеді, бірақ ғалымдар қос планетаның түсі шын мәнінде бірдей екенін анықтады. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.