76 мыңнан астам адам мүгедектікке өтінімді онлайн берген
2023 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 76,4 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл — куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4 пайызы, деп хабарлайды Kazinform.