Соғыста қаза тапқан жамбылдық майдангердің сүйегі 80 жылдан кейін туған жеріне жеткізілді
ТАРАЗ. KAZINFORM — Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзі соғысында майдан даласында қаза тапқан Кәдірбек Дәулетқұловтың сүйегін кіндік қаны тамған туған жеріне қайта жерлеу үшін Жамбыл облысына жеткізді. Ол үшін Қазақстан қарулы күштері әскери-көлік ұшағы арнайы рейсті орындады.