Алматыда «Күміс жас» жобасы бойынша қанша адам жұмыспен қамтылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 2023 жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамту жобасы шеңберінде 385 тұрғын жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының еңбек мобильді орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Асланбек Қуанышов мәлім етті.