«Pfizer компаниясы вакцина алғандарды қашықтан бақылауға патент алды» – фейк
АСТАНА. KAZINFORM – Instagram-дағы аккаунттардың бірінде Pfizer компаниясы вакциналанған адамдардың байланыс ортасын қашықтан бақылауға патент алғаны жөнінде жазды. Жарияланым авторының айтуынша, 18,5 мыңнан астам осындай патентке бүгінде Спутник, Moderna және өзге де фармацевтикалық компаниялар ие. Мақсат – адамзатты ортақ «серверге» қосу. Stopfake.kz-тің анықтауынша, бұл – жалған.