Астанадағы стационарларда қызылшаға қарсы бес мыңға жуық адам емделді
АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылдың наурыз айынан бастап бүгінге дейін Астанада стационарлық деңгейде 4 575 пациент емделді, оның 3 264 – і балалар. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.