Британияда салық мөлшері бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетпек
ЛОНДОН. KAZINFORM - Ұлыбританиядағы салық ауыртпалығы алдағы уақытта бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілуі мүмкін. Британ қаржылық зерттеулер институтының сарапшылары осылай дейді. Олар “қазіргі парламент салықты көтеру бойынша рекорд орнататын болды” деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.