Мен армандаған мамандық
Көз – өмір айнасы болса, адам айнасы мамандық деп білемін. Себебі, мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға өз бойыңдағы қабілет пен бейімділік ықпал етеді. Әр пәннен үздік болғаныма қарамастан ет жүрегім әр кез қазақтың қара сөзі мен өлеңдеріне тартып тұратын. Сондықтан ерте кезден мектепшілік жарыстардан бастап, аудандық, республикалық жарыстардан қалмай, ұлы Абай, ақиық ақын Мұқағали сынды ақындардың өлеңдерін оқудан алдыма жан салмайтынмын.
Ал кешегі бала арман, бүгінде мақсатқа айналды. Менің мақсатым – журналист болу. Шындық үшін шырылдап, ақиқат үшін айқасатын, таңдауы мен сөзіне адал, ақ парағым пен алтын қаламым қорғансызға пана, қоғам һәм адам өміріне әділеттілік жыршысы...