Абу-Дабиде ұшқышсыз жүйелердің (UMEX) жетістігін насихаттайтын ірі көрме өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Абу-Даби билеушісінің орынбасары – шейх Хазза бин Заид Әл Нахаянның қамқорлығымен 23-25 қаңтар аралығында Абу-Даби ұлттық көрме орталығында ең ірі жергілікті және әлемдік мамандандырылған компаниялардың қатысуымен ұшқышсыз жүйелер (UMEX) және модельдеу мен оқыту (SimTEX) бойынша көрме өтеді. Бұл туралы Wam сайты жазды.