Зейнеткерлерге материалдық көмек төлеу туралы ақпарат – жалған
АСТАНА. KAZINFORM – Зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.