Алматыдағы барлық жиналу нүктесі ашық тұр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қаланың әр аймағында төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындардың бәрі жұмыс істеп тұр. Көбінесе бұл құрылыс стандарты мен ережелерге сәйкес келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер мен университеттер. Бұл туралы әкімдіктен мәлім етті.