2 облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – 26 қаңтар сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы KazAvtoJol жазды.