27 қаңтарда әйелдер онкогинекологтарға тегін қарала алады
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 27 қаңтарда жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында Қазақстанның өңірлік онкологиялық ұйымдарында әйелдер үшін бірыңғай Ашық есік күні өтеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.