Жерорта теңізі диетасының негізгі ережелері
Жерорта теңізі диетасының негізгі ережелері. Жерорта теңізі елдерінің тұрғындары денінің саулығымен, болмыс-бітімінің сұлулығымен және ағзасының төзімділігімен танымал. Ол жақта адамдар жүрек-қан тамырлар ауруларымен өте сирек ауырады және бұл елдерде өмір сүру ұзақтығы жоғары болып келеді. Жерорта теңізі диетасы үздік диеталар рейтингінде көш бастап тұр. Ендеше, оған жеке тоқталып кетуді жөн көрдік.
Жерорта теңізі елдерінің тұрғындары денінің саулығымен, болмыс-бітімінің сұлулығымен және ағзасының төзімділігімен танымал. Ол жақта адамдар жүрек-қан тамырлар ауруларымен өте сирек ауырады және бұл елдерде өмір сүру ұзақтығы жоғары болып келеді. Жерорта теңізі диетасы үздік диеталар рейтингінде көш бастап тұр. Ендеше, оған жеке тоқталып кетуді жөн көрдік.
Жерорта теңізі диетасының негізгі 10 принципі
1. Қызыл етті сирек жеу. Қызыл еттің орнына балық және майсыз құс жеуді ұсынады. Сиыр мен қой еті өте сирек қолданылады.
2. Таңғы ас кезінде көмірсулар тұтыну. Таңертеңмен ағза "энергетикалық қуатты" қажет етеді. Оған жемістер мен ұн өнімдері көмектеседі. Таңғы аста алынған көмірсулар күні бойы тарап үлгереді. Сондықтан...