Канвон-2024: Жалпы медальдар кестесінде қай ел көш бастап келеді
КАНВОН. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының бүгін сегізінші күні де артта қалды. Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде Чехия және Польша құрамаларымен бірге 15-орынды өзара бөлісіп тұр.