Қостанайда мердігердің немқұрайлығынан ауыл тұрғыны көз жұмды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының сотында су құбыры желілерін жөндеумен айналысқан мердігер ұйымның прорабына қатысты іс қаралды. Құрылыс жетекшісінің немқұрайлығына байланысты жолай өтіп бара жатқан әйел қоршалмаған шұңқырға құлаған. Ол алған жарақатынан қайтыс болды.