Қазақша жасанды интеллектіге сұраныс зор — қызылордалық жас өнертапқыш
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордалық жас өнертапқыш Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақ тілінде сөйлетті. Оның аталған жобасы көпшілік арасында жоғары бағасын алып отыр. Осындай маңызды бағдарламаларды ойдағыдай жүзеге асырып жүрген Асылжан Абдуллаевты әңгімеге тартқан едік.