Қолда бардың қадірін біл
Адам баласы болғаннан кейін пендешілік қанымызды қоса жүреді. Тек оны жүре түзейміз, тәртіпке саламыз. Қанағатшылдық – пенденің ең жақсы қасиеті. Оның аясына сабыр мен жомарттық қоса кіреді. Ал бұл үшеуі біріксе, алынбас қамал болмас.
Ақиқатында біз бардың қадірін біле бермейміз. Қай жағынан алсақ та аталған олқылықтың алдын алу қиынға түседі.
Тірі екеніңді сезін, қадірін біл
Әр күн сайын өмірге қанша адам келіп, қанша адам кетеді. Ал сен келуші және келіп қана қоймай өмірде тұрақтаушы адам ретінде өзіңнің қадіріңді біл. Жалғанның жалғандығын сезген күннің өзінде тірліктің мәнін білу керек. Өмірді сүру басқа және сүре білу мүлде басқа.
Отбасың қасыңда ма, қуан...