Президенттен жаңажылдық сыйлық орнына бүйрек сұраған қызға донор табылды
АСТАНА. KAZINFORM – Осыдан бір жыл бұрын жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ана мен бала орталығына барып, балаларды мерекемен құттықтаған еді. Сонда жаңажылдық сыйлық орнына ауруынан айығуды, сау бүйрек табылуын сұраған 13 жастағы Әнел Дінекешева ерекше есте қалды.