Жамбыл облысында иесіз иттерді аулауға 70 млн теңге бөлінген
ТАРАЗ. KAZINFORM - Биыл Жамбыл облысында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бюджеттен 69 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.