Арман Жүдебаев Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының міндетін атқарушы болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының уақытша міндетін атқарушы лауазымдық қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы тағайындалды.