Періште кейпінде келген әйел
Бұл мақала шынайы өмірден алынған. Қуаныш пен үрей қатар жүріп үйлесім тапқан әңгіме.
Қайырлы күн, құрметті оқырман! Күндеріңіз жақсы өтсін! Ал мен сізге өз басымнан өткен қызық оқиғаны айтып берейін, құлақ қойып тыңдай отырыңыз. Бар ынтаммен жазуға тырысамын!
Әңгіменің басын былай бастағанды жөн көрдім. Қыс… қаңтар айының 4-ші жұлдызы. Әдеттегідей күн емес, туған күнім еді. Әр жыл сайын туған күннің өзіндік ерекшеліктері мен қызығы болатын. Туған күн деген керемет емес пе иә?! Құттықтаулар мен сыйлыққа толы күнді ешкім естен шығармас, сірә! Күнім солай құттықтаулардан басталды. Ең бірінші ата-анам құттықтады. Олардың тілектеріне не жетсін! Түн ұйқысын төрт бөлген анаң мен асыл тәрбиесін бойыңа дарытқан әкең балаларының ержеткенін көргенде ет жүректері елжіремей тұрмас. Еріксіз көзге...