Республикалық маңызы бар автожолдарда қардың жиналуын болдырмау бойынша жұмыстар жалғасуда
АСТАНА. KAZINFORM – Қыс мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарды тазалап, тегістеп, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарымен қатар, жол жиегінде қарды ұстау қалқаншаларын орнату да аса маңызды. Бүгінде елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық желісінде 2,7 мың шақырым қар басу ықтималдығы жоғары аумақтар анықталды.