Әзербайжан Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады – Фарид Гаибов
ӘЗЕРБАЙЖАН. KAZINFORM - Әзербайжан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді түрде қатысады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибовтың кездесуінде айтылды.