«Міржақып. Оян, Қазақ» - үздік тарихи сериал атанды
Ақпарат және Қоғам министрлігінің шешімімен алғаш рет «NAYRYZ» ұлттық сериалдар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша «Міржақып. Оян, Қазақ» — үздік тарихи сериал атағын иеленді.
«Міржақып. Оян, Қазақ» тарихи фильмі Міржақып Дулатұлының “Оян, Қазақ” кітабына сілтеме ретінде түсірілген сериал. Сериалды түсіруге біршама уақыт кеткені жасырын емес.
Сериалдың қоюшы режиссері Мұрат Есжан өзінің бір сұхбатында жауап берді.
"— Бұл жоба сәуір айында бекітілді. Сценарийін жазып бастар алдында көп іздендік. Алаштанушы ғалымдармен кездестік және естеліктерді, зерттеулерді, монографияларды, мақалаларды, тергеу материалдарын оқып шықтық. Сценарийін жазуға үш ай, дайындыққа шамамен екі ай, түсірілім жұмыстарына тағы екі айдай уақыт кетті. Қалған бір айда монтажын жасадық. Бас-аяғы...