Ақмола облысында биатлон бөлімшесі ашылуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі Біржан Абдрахманов, Қазақстан Биатлоншылар Одағының бас хатшысы Манас Үсенов, аудан әкімінің орынбасары Саят Ахмеджанов, жергілікті спорт басқармасының басшысы Сергей Усанов, биатлоннан спорт шебері, 4 дүркін Азия ойындарының чемпионы Александр Червяков және биатлоннан Азия чемпионы Анна Лебедеваның қатысуымен өңірде биатлон бөлімін ашу және балалар спортын дамыту мәселелері талқыланды.