«Еркін дала» қауымы елдің еңсесін көтерді»
xx ғасыр қазақ елі үшін ауқымды жаңалықтар алып келген кезең болды. Бұл уақыт оқу-ағарту ісіне, халықтың бірлігіне, қайырылымдылыққа үлкен бетбұрыс болған уақыт еді. 19-ғасырдың соңы, 20-ғасырдың басында көзі ашық, көкірегі ояу қазақ азаматтары «Алаш» қозғалысына қатысып, орыс патшалығының езгісіне төзіп келе жатқан қандастарын ояту үшін аянбағаны баршамызға мәлім. Солардың бірі, қазақтың тұңғыш елшісі - Нәзір Төреқұлұлы. Оның есімі Алаш қайраткерлерінің соқпағымен қатар жүретіні сөзсіз.
Дипломаттың 8 сыныптық коммерциялық училищені үздікке бітірген уағындағы
ғұмыры бірінші дүниежүзілік соғыс уақытымен тұспа-тұс. Экономика факультетінің үш курсын Мәскеу қаласындағы коммерциялық институтта тәмам қылған азамат 1916 жылы алғаш рет тарихи уақиғаға араласады. Ол - «Еркін дала»...