Тарихи жыл
Дүние тарихында Еуропа соғысы адам баласы көрмеген қанды оқиға болса,біздің халқымыз үшін өткен 1916-ыншы жыл айырықша із қалдырды.
Қазақ халқының өткен дәуіріне айналып қарасақ, көп өзгерістерді бастан кешірді.
- Қазақ-қалмақтың жауласқан заманы
- Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама
- Ресейге бағынған шағымыз
- Кенесары көтерілісі
- Қоқан заманы
- 1868- інші жылғы жаңа заманның шығуы
Бұлардың әрқайсысы үш жүздің әсерін тигізгені байқаусыз қалған емес.
« Солдатқа алмайды,жұмысқа шақырады» деушілерді жау көрді.
Ел арасындав қысқа күнде қырыұ түрлі хабар келді.Қорқынышты күндер ұлғайды. «Солдат алмайтын болыпты» деп өтірік сүйінші сұрағандар олжаға батты. « Сенің де балаң алынады» дегенді естігендердің жүректері жарылып өлгендері болды.
Халық ашуға булығып, «Бізді сатып жүрген осылар» деп бірлі жарымды болыстарын өлтіре жібергендер де болды.
« 25- нші...