БҚО дәрігерлеріне жаңа баспана берілді
ҚАЗТАЛОВ. KAZINFORM – Былтыр Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында біраз жетістіктер мен ауқымды жобалар жүзеге асты. Атап айтар болсақ, Қараоба дәрігерлік амбулатоиясы күрделі жөндеуден өтсе, Қараөзен мен Бостандық ауылдарындағы медициналық нысандар жаңадан салынып, ел игілігіне берілді. Мұнымен қоса, Казталов ауданына 8 жедел-жәрдем автокөлігі берілсе, 761 млн теңге қаражатқа 51 түрлі медициналық құрал-жабдықтар алынды.