14 облыста 38 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM - 15 ақпан күнгі сағат 00:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 38 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі.