Жолдарымыз сапасыз емес, күтім көрмеген – Дархан Иманашев
АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқарма төрағасы Дархан Иманашев «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол жол салуға сырттан қарыз тарту мәселесі, құрылыс жолдарына шетелдік компаниялардың тартылуы, отандық компаниялардың әлеуеті, саладағы жемқорлық сынды мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.