Қазақ-өзбек достығы туралы шарт: Қандай жобалар жүзеге асады
АСТАНА. KAZINFORM — 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынас туралы шартқа — екі елдің өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту, өнеркәсіп, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік әлеуеті мен көлік логистикасы салаларын қоса алғандағы ынтымақтастықтың барлық спекторы бойынша байланыстарды нығайтуға бағытталған құжатқа қол қойды. Өткен жылдың соңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шартты ратификациялау туралы Жарлықты рәсімдеген еді. Таяу уақытты оны Қазақстан тарапы да ратификацияламақ. Ертең дәл осы құжат Мәжілістің жалпы отырысында қаралады. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан шартта қандай мәселелер қамтылғанын Kazinform тілшісіне егжей-тегжейлі айтып берді.