Қазіргі мектептер қандай үш міндетті атқаруға тиіс
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Заманауи ұлттық мектеп — жаңа қоғам қалыптастыру жолы» тақырыбына арналған отырысы өтті. Іс-шара барысында білім беру, мәдениет, өнер саласының мамандары, сарапшылар, ғалымдар және сенаторлар ұлттық білім беру жүйесінің даму үрдісін талқылап, осы бағытты реформалау жөнінде ұсыныстарын білдірді.