«Жергілікті және оралған қазақтардың бірегейлік қақтығысы: қазақстандық көші-қон саясаты және репатрианттардың мәдени интеграциялануы мәселесі» жобасы
«Жергілікті және оралған қазақтардың бірегейлік қақтығысы: қазақстандық көші-қон саясаты және репатрианттардың мәдени интеграциялануы мәселесі» атты жоба бойынша зерттеулер жүргізілуде
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/ , Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары қазіргі таңдағы өзекті мәселелер бойынша бірқатар жобалар аясында жұмыстар атқаруда. Сондай маңызды жобалардың бірі - доцент м.а. PhD Альджанова Нурлыхан Кожабергеновна бастаған, Жумашова Жулдыз Аманбаевна, Мұқан Нұрзат құрайтын зерттеу тобының «Жергілікті және оралған қазақтардың бірегейлік қақтығысы: қазақстандық көші-қон саясаты және репатрианттардың мәдени интеграциялануы мәселесі».
Барлығымызға қазақ халқының үш ғасырдан астам уақыт бойы небір дүрбелең, қиын-қыстау кездерде жан-жаққа шашырап жат елден қоныс іздеуге мәжбүр болғаны мәлім. Статистикаға сүйенсек, әлем бойынша 4 миллионға жуық қазақ диаспорасы бар. Аталған жоба Қазақстандағы қолданыстағы көші-қон саясатын және...