Ананы жалға алу: Қазақстанда суррогат ана қызметі қанша тұрады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан көрші елдерден келетін бедеу ерлі-зайыптылар үшін тартымды елге айналып отыр. ҚР емханаларында жасанды ұрықтандыру бағдарламасының бағасы төмен, ал ел заңнамасы суррогат ананың қызметін пайдаланатын жұптарға ыңғайланған. Біздің елде біреудің баласын көтеріп жүрген әйел оны өзіне алып қала алмайды, сәбиді генетикалық ата-анасына беруге міндетті.