Қате шешім: торғайға қарсы болған Мао
Қытай төрағасы Мао Цзедунның тапсырмасына орай 1958-1962 жылдары Қытайда торғайларды жою жұмысы жүгізілді. Торғай ауыл шаруашылығы саласында басты зиянкес деп танылып, егіннің шықпай қалуына себепкер деп есептелді.
Сондықтан да 1958 жылы наурыз айынан бастап жалпыхалықтық торғайларды жою науқанына еңбектенген баладан, еңкейген қартқа дейін қатысты. Торғайлар аспанда тоқтаусыз тек 15 минут қана ұша алатынын білген адамдар құстарды жерге қондырмауға тырысты. Ол үшін әр үй тұрғындары кезек-кезек шатырға шығып, қолдарына орамал алып торғайларды қондырмай тұруға міндеттелді. Ақырында әбден әлсіреген құстар жерге құлап тынып жатты.
Ал, мектеп оқушыларын сол жылы жаппай сабақтан босатып, олар талдар мен үйлердегі торғайлардың ұясын бұзуға жұмылдырылды. Ең көп...