8 наурыз мерекесі қалай пайда болған?
1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі ерлер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөліп, әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды.
Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Бірақ көпшілік бұл мейрамның қашан және қайдан келгенін біле бермейді.
Мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді. 1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркте тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады.
Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын, ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді. Әйелдер сол кездері 16 сағат тер төккен еңбектеріне...