АҚШ конгрессмендері TikTok-қа тыйым салу туралы заң жобасын ұсынды
ВАШИНГТОН. КАZINFORM – Америкалық конгрессмендер TikTok әлеуметтік желісі мен қытайлық ByteDance технологиялық компаниясы арасындағы байланыс сақталса, АҚШ-та оған тыйым салу мүмкіндігін қарастыратын заң жобасын ұсынды. Құжат АҚШ Өкілдер палатасының Қытай бойынша таңдау комитетінің сайтында жарияланды.