Ақша жинау тәсілдері
Ақша жинауға ең алдымен тәртіп керек. Себебі, теңге тиыннан құралады демекші, аз ақшаны азсынып жұмсап жібермей сақтап қойсаңыз, оған ертең тағы 500-1000 теңге қосылады. Сөйтіп біраз уақытта ақшаның қалай жиналып қалғанын аңғармай да қаласыз.
Сонымен:
1) Қаржылық қауіпсіздік жастығы үшін үнемдеуді бастаңыз. Егер сіз табыс таба алмай қалған жағдайға түссеңіз, жинаған сома 3-6 айға жеткілікті болуы керек.
2) Бір айдың кірісі мен шығынын есептеңіз. Анализ жасап 30 күнге бюджет есебін жасаңыз. Сонда ғана қай жерде 5-20% ға дейін үнемдеуге болатынын байқайсыз.
3) Қаражатты үйде емес, жинақ шотында ұстаған тиімдірек. Осылайша сіз теңгерім бойынша ай сайынғы сыйақы аласыз және қалаған уақытта...