Жауға салар батырды...
Сонау Шыңғыс ханның заманында елдің шетінде үлкен бір дау туындайды. Қаған дауды қылыштың жүзімен емес, ақылдың нұрымен шешетін адам іздейді.
Даудың жарасын бітістіріп, елдің бетін бері қаратып, тігісін жатқызатын адамды сенімді серіктерінің арасынан қарастырады. Соғыстың өршіп тұрған тұсы болса керек. Сенімді адамдарының бірі жорықта, бірі жолда, бірі соғыста болыпты. Жұмсайтын сенімді адам қат болғасын, таңдау жалайыр Мұқылайдың туған бауырына түсіпті. Мұқылайдың бауыры талай соғыста ерлігімен көзге түскен, көзсіз батыр екен.
Қабы да бір, сабы да бір, бір омырауды тел емген бауырығой, марқасқа Мұқылай ағасының ақылы інісіне жұғысты болған шығар деген ханның үміті болыпты. Себебі бұл даудың қан төгіссіз бейбіт шешілгені...