Сарыауыздың саяхаты
Сарыауыздың саяхаты, Ертегі-хикаят, Ақгүлдің айтқаны
(Ертегі-хикаят)
Ақгүлдің айтқаны
Лыпылдап ойнап ұшқан Ақгүл су ішуге арыққа барыпты. Күн ыстық. Анадай жерде торғай шоқиып отырыпты. Тұмсығын бір малып, бір шығарып, су ішуге кірісіпті. Ақгүл кішкентай ғой, әрі әдепті. Басын иіп амандасады:
— Торғай апа, сәлеметсіз бе?
Ол амандаспады. Жақсы естімейтін шығар деп, ойлаған Ақгүл күшеніп, бар даусымен:
— Торғай апа-а, сәлеметсіз бе? — деп айғайлап кеп жіберсін. Ол селк етіп, суға шашалып қалды да, дүрсе қоя берді:
— Неге шыңғырасың?! Сені мұнда кім шақырды? Кет, бар!
— Кешіріңіз, апа, сізге амандасып тұрмын.
— Иә саған! Сен мені қорқытқың келді. Көрсетейін мен саған!
Ашулана бұрылып, тұра ұмтылғанда, Ақгүлдің...