Антыма адал қызмет етіп келемін – қызылордалық полиция майоры
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылордалық Гүлназ Сарбасова Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының аға инспекторы болып қызмет етеді. Қашанда жауапты салада еңбекқорлығымен көзге түсіп, әріптестері арасында зор қошеметке ие болып отыр. Мерейлі мереке қарсаңында полиция майоры Гүлназ Темірбекқызын әңгімеге тартып, қазіргі қызметі жайында сұраған едік.