Каспи көрімдік, онлайн құдалық, гендер пати – Салт-дәстүрлер жаңа заманға қалай бейімделді
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл Ұлыстың ұлы күні әз Наурызды 10 күн тойлау ұсынылды және 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналады. Наурыздың қайта жаңарған мәні де осында: дәстүрлер жаңа заманға бейімделіп, тың мазмұн-пішінге ие бола бастады. KAZINFORM агенттігі жаңа заманға бейімделген дәстүрлерге шолу жасап көрді.