Нәтижелі сабақ
Мұғалімдерді жамандап, өтірік айтатын оқушы жайлы.
Нәтижелі сабақ
(Көрініс)
(Сахнада анасы мен қызы сөйлесіп отырады.)
Қызы:
— Мам, бүгін бізге мектепте бір мұғалім өз-өзінен ұрысты.
Анасы:
— Ешкім өз-өзінен ұрыспайды. Не бүлдірдіңдер?
Қызы:
— Қоңырау кезінде аулада баскетбол ойнап жүргенбіз. Жақында жарыс қой. Терезені ашып «Кір сыныпқа»-деп
айқайлап берді.
Анасы:
— Қазір білеміз! (Телефонын алып, сынып жетекшісіне қоңырау шалады.)
— Ало, Сағила Саятқызы! Кешіріңіз? Айсауленің мәселесімен қоңырау шалып тұрмын. Мектепте қашаннан бері доп ойнауға тиым салынатын болған?...