Көрнекті жазушы, журналист Медеу Сәрсеке өмірден өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Көрнекті жазушы, журналист, драматург, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсеке өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.