Кітап көп оқығанның өмірі ұзақ болады
Кітап көп оқығанның өмірі ұзақ болады Кітап көп оқыған адамның дүниетанымы кең, білімі мол, өте сауатты болатыны рас. Ал кітап оқудың өмірді ұзартатыны жайлы не білеміз?
Кітап көп оқыған адамның дүниетанымы кең, білімі мол, өте сауатты болатыны рас. Ал кітап оқудың өмірді ұзартатыны жайлы не білеміз?
Осы сауалдың жауабын білмек мақсатта АҚШ-тың Yale University-нің мамандары арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Зерттеушілер 50 жастан асқан 3635 адамнан "кітап оқисыз ба әлде жоқ па?" деген тақырыпта сауалнама алған. Сауалнама қорытындысына сүйеніп, қатысқан адамдарды үш топқа бөлген: кітап оқымайтындар; аптасына 3,5 сағат кітап оқитындар; аптасына 3,5 сағаттан көбірек кітап оқитындар.
Ғалымдар сауалнамаға қатысқан адамдарды 12 жыл бойы бақылауда ұстаған. Сонда зерттеушілер кітап көп оқитын адамдардың оқымайтындарға қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін байқайды. Шамамен, 2 жылдай ұзақ болған.
Тағы бір қызығы...