Телефонды қалай азырақ қолдануға болады?
Телефонды қалай азырақ қолдануға болады? уақыт Rescuetime қосымшасын ойлап табушыларының есептеуінше, смартфон иесі орташа есеппен күніне 3 сағат 15 минут уақытын телефонда өткізеді екен. Бір қарағанда көп емес, бірақ бұл дегеніміз — жылына 49 күн. Бұл орташа есеппен алынған мәлімет, ал арамызда одан да ұзақ отыратындар жеткілікті.
Rescuetime қосымшасын ойлап табушыларының есептеуінше, смартфон иесі орташа есеппен күніне 3 сағат 15 минут уақытын телефонда өткізеді екен. Бір қарағанда көп емес, бірақ бұл дегеніміз — жылына 49 күн. Бұл орташа есеппен алынған мәлімет, ал арамызда одан да ұзақ отыратындар жеткілікті.
Қазіргі өмірімізді смартфонсыз елестету қиын. Ол арқылы санаулы секундтар ішінде кез келген ақпаратқа қол жеткізесіз, жақын адамдарыңызбен байланыс орнатасыз, ешқашан барып көрмеген елдерді көре аласыз... Бірақ смартфонды шектен тыс қолдану өзін-өзі бағалауды төмендетеді, күйзеліс деңгейін көтереді және өмірден ләззат алуға кедергі болады.
Ендеше, тепе-теңдікті қалай табуға болады? Әркім үшін оның "қақ ортасы" әртүрлі. Бұл үйлесімді табуға көмектесетін бірнеше кеңес...