Қазақстанда пара алған адам енді еселеп айыппұл төлейді - Жоғарғы сот
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты дайындаған «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» нормативтік қаулыға сәйкес, пара алған адам мемлекеттің шығынын ғана өтемейді, пара сұратқан адам да еселеп айыппұл төлейді. Бұл туралы бүгін Жоғарғы Соттың төрағасы Қайрат Мәмидің қатысуымен өткен құзырлы органның кезекті жалпы отырысында Жоғарғы Соттың судьясы Әділ Құрықбаев мәлім етті.